Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026-04-30
Ж.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жұмабек Тәшенев атындағы университетте жастар арасында өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаясатты түсіндіру және деструктивті діни ағымдардың зияндылығы туралы ақпарат беру.
Кездесуге Шымкент қаласы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Нұрхан Әбдіманап, қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы Абдукаримов Нұржан Кеңесұлы қатысты. Спикерлер жастарға қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің маңызы, діни сауаттылықты арттыру және радикалды көзқарастардың алдын алу жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараны Жастар ресурстық орталығының аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Қармантаев Нұржақсын Асылтайұлы модерациялады. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауына және дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.


