«Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
2026-04-24
2026 жылғы 23 сәуір күні «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Жиынға факультет деканы Д.Ш. Душабаев, декан орынбасары В.И. Нахипова, кафедра меңгерушісі С.Б. Ботаева, «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары, практика жетекшілері, «Tomorrow School» директоры У.Н. Сламбеков және сала өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар «Tomorrow School» оқу орталығының қызметімен танысып, оның заманауи инфрақұрылымы мен білім беру мүмкіндіктерін қарастырды.
Жиын барысында студенттердің ғылыми-зерттеу және стартап жобалары талқыланып, олардың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, бітіруші түлектерге қойылатын кәсіби талаптарды нақтылау және дуальды оқыту элементтерін енгізу мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.
Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі С.Б. Ботаева білім беру бағдарламасының атауын жаңарту жөнінде ұсыныс білдіріп, аталған бастама қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Факультет деканы Д.Ш. Душабаев өз сөзінде факультеттің алдағы даму бағытына тоқталып, білім сапасын арттыру, халықаралық байланыстарды нығайту, еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлау және ғылыми-инновациялық жобаларды көбейту секілді негізгі мақсаттарды атап өтті. Сонымен қатар, қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары ретінде заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, өндіріс орындарымен әріптестікті кеңейту, тәжірибелік оқытуды күшейту және кадрлық әлеуетті арттыру шараларымен таныстырды.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, факультеттің алдағы кезеңдегі басым бағыттары айқындалды.



