6В03201- «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада
2026-04-23
2026 жылғы 23 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Цифрлық дәуірдегі кітапхана: білім, инновация, болашақ» тақырыбында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталған шараның Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күнімен тұспа-тұс келуі оның маңызын арттыра түсті. Бұл күн кітап пен білімнің қоғамдағы орнын айқындап, рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
Олимпиада – білім мен біліктіліктің, ізденіс пен шығармашылықтың тоғысқан алаңы. «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттер үшін бұл сайыс кәсіби білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Қатысушылар теориялық білімдерін көрсетумен қатар, практикалық тапсырмаларды орындау барысында жаңа идеялар ұсынып, ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін меңгереді. Осылайша, олимпиада студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, кітапхана ісінің цифрлық дәуірдегі жаңа бағыттарын игеруге жол ашады.
Республикалық XVIII пәндік олимпиада бекітілген ережеге сәйкес үш кезеңнен тұрды: Таныстыру кезеңі; Теориялық кезең; Практикалық кезең (жобаларды қорғау). Әр кезеңде қатысушылардың білімі, дағдылары және кәсіби құзыреттіліктері ескеріліп, белгіленген талаптарға сәйкес бағаланды.
Аталған сайысқа Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Qazaq book trend» командасы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команданың дайындаған ғылыми жобасы «Үздік жаңашылдық» номинациясымен марапатталды.
Команда жетекшісі: «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Тукенова Роза Сатовна.
«Qazaq book trend» командасының құрамы (1–4 курс студенттері):
1.Жусип Толқын Нұртасқызы
2.Жангелді Ақниет Бақытжанқызы
3.Жуасбек Ақерке Ғалымжанқызы
4.Хаппар Рабия Нұрмаханқызы
5.Курбанова Жасмин Амангелдіқызы
Байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті қатысып, өзара жоғары деңгейде бақ сынасты.
Аталған нәтижелер еліміздің жетекші, беделді жоғары оқу орындары қатысқан тартысты әрі жоғары деңгейде өткен сайыстың айқын көрінісі болды.


