Танабаев Ғалымжан Өміртайұлы

Білімі: М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты, 1992 ж.

Байланыс үшін: тел.: +7 705 687 09 65
                                     +7 778 543 84 69
Электронды пошта:     tanabaev69@mail.ru

Ғылыми және академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
Кәсіби біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филолог
Жүргізетін пәндері: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Фразеологиялық семантика»
Академиялық тәжірибе: 
1992-1994 жж. – ОҚО Төлеби ауданындағы Абай орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1994-1997 жж. – Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ аспирантурасының күндізгі бөлімінің аспиранты
1998-2002 жж. – ОҚО, №1 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі
2002-2006 жж. – ШӘПУ, филология кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі
2006-2007 жж. – Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің филология кафедрасының аға оқытушысы
2007-2011 жж. – Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ ШБ, АИУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
2011-2017 жж. – ОҚМПИ, тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы;
2018 жылдан ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, 2023 ж. қазан айынан аты өзгерген Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
Кәсіби біліктілікті арттыру жөніндегі куәлік/сертификат (мерзімі немесе кәсіби тіркелуін көрсетілуі тиіс):
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы/ «Заманауи педагогикалық технологиялар» ЖОО педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (240 сағат), Алматы, 16 ж., Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақ тілі» пәні бойынша білімін жетілдіру курсы, Астана, 2021 ж. (72 сағ).
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты
2005 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында «Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 
Ғылыми-әдістемелік еңбектері: Қазақ тілінің өзекті мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Атап айтқанда, «Іскерлік қазақ тілі», «Қазақ тілі» әдістемелік оқу құралдары,  «Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы» монографиясының (Шымкент, 2022 ж.), «Нұқ пайғамбар: 365 күндік жанталас (Қазығұрт тауындағы 139 күні)» атты ғылыми-танымдық, рухани зерттеу кітабының (Шымкент, 2022 ж.), т.б. авторы. 
Марапаттаулар мен наградалары:  ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының, ОҚО Білім басқармасының, ОҚМПУ ректорының  алғысхаттары мен  «ОҚМПУ-ға – 80 жыл» мерекелік медалімен, Шымкент қалалық мәслихатының Грамотасымен марапатталған.