Ұлттық бірлік пен өркендеу жолы

Reiting №45

Биылғы 2021 жыл - елдігіміз бен мемлекеттігіміздің дамуындағы ерекше түғырлы жыл болып отыр.
Өйткені, еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басқалы отырмыз. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атгы Жолдауы да осы Тәуелсіздіктің маңызын атап көрсетуден басталды.
Президент Жолдауда Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастаманы көтерді. 2022 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге көтеріледі. Мұның маңызы зор. Бұл шара 1 милионнан астам адамға тікелей, ал қалған халыққа жанама әсер етеді. Үкімет бизнесті өз жұмысшыларының жалақысын көбейтуге ынталандыратын «ұтымды» шаралар әзірлейді. Қызметкерлерінің жалақыларын көбейткен жұмыс берушілерге мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетіледі. Қазіргі нарықтық заманда мүның маңызы зор.
Жолдау соңында бағытымыз айқын, барлық қиындықтарды жеңетінімізді айтқан Президент, бағдарымызға күмәнмен қарайтындар, жұмыс істеу қолынан келмейтіндер, ебін тауып орнында отыра беруді қалайтындар, Президент тапсырмасын орындаудан жалтаратындар қызметінен кетүі тиіс екендігін ескертті. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген Президент, осындай қиын кезеңде үлтты үйыса білуге, елді бірлікке, берекелі тірлікке шақырды. Ендеше, бәріміз бір атаның баласындай, қос қолдың түйілген саласындай жұмылып, Президент Жолдауын жүзеге асыруға атсалысайық! Биыл 30 жыл толып отырған Тәуелсіздігіміз түғырлы, елдігіміз ғүмырлы, көшіміз көлікті, ісіміз табысты болсын ағайын!


Мырзабай МЕЙІРБЕКОВ, «Сырдария» университетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары