Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!

«Сырдария» университетінде кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша 1-4-курс білім алушылары және магистранттар үшін жаңа оқу жылы 2021 жылдың 6 қыркүйегінен бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинар, практикалық және зертханалық сабақтар – дәстүрлі. 
Бұл ретте, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер оқуды қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.
COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студенттер өтініші негізінде қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады. 
Шетелдік студенттер оқуды қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.
Білім алушылар үшін СЭР стандарттарының сақталуы қамтамасыз етіледі және оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің аудиторияларда бетперде кию міндеттеледі.