Тәуелсіздік – ұлы дала елінің аманаты

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған "Тәуелсіздік – ұлы дала елінің аманаты" іс-шара биылғы жылы жоғары деңгейде өтті. Ұлы дала елінің рухани жаңғыруы тарих іздеріндегі ұлттық кереметтермен сабақтасып жатқаны айқын ақиқат.

Студент-жастардың санасында ұлттық құндылықтарды қалыптастырып ғана қоймай, оны әрі қарай жандандыратын бағыт-бағдар беру, егемендікке қол жеткізудегі тарихты ұмыт қалдырмау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға "Гуманитарлық білім" факультеті мұрындық болды.

"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері Данияр Асылбек пен Егемқұл Әдемі жүргізген мерекелік кеш "Тәуелсіздік шежіресі" атты бейнебаянның көрсетілімімен басталды. А.Данияр мен П.Нұрқазиеваның орындауында "Туған жер" әні шырқалды, "Назеркеның" арулары "Қазақ биімен", "Сыр сандық" студент-жастар театры тарихи "Сақ патшайымы", "Махамбет" қойылымдарымен мерекелік кеш жандана түсті.

Сонымен бірге университет студенттері Т.Нартай "Мен қазақтың қызымын", А.Данияр мен А.Құлша "Ұлы дала", Б.Тәжібай "Қазақстаным", "Назерке" триосы "Ақтамақ", А.Құлша мен Б.Боранбай "Қазақстан" әндерін орындады.

Ұлы дала елінің аманатын арқалаған бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздіктің жемісі.

Баспасөз қызметі

Теги: