«Кітап сыйлау – білімге үлес»

2025 жылдың 7 наурыз күні «Экономика және басқару»  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттердің ұйымдастыруымен Ақпараттық білім беру орталығына яғни университет кітапханасына  «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция -  апталығын өткізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – кітапхана қорын жаңа және пайдалы әдебиеттермен толықтыру, студенттер мен оқытушыларды кітап оқуға баулу, сондай-ақ білім мен мәдениетті насихаттау болды.  
Апталық аясында профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер өздері оқыған және өзге де оқырмандарға пайдалы деп санаған кітаптарды сыйға тартты.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы университет қауымдастығы арасында үлкен қызығушылық тудырып, кітапхана мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың дәстүрге айналып, жыл сайын жалғасатынына сенім білдірді.
 

Оқиға категориялары