“Рамазанда бір жақсылық” акциясы

Syrdariya University волонтер-жастарының дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы бар. Бұл дәстүр биылғы Рамазан айында өз жалғасын тапты.

Университет қызметкерлері мен студент-жастардың ұйымдастыруымен Жетісай қалалық мектеп-интернатындағы балаларға сыйлықтар табысталды. Әр түрлі кітаптар, оқу барысында қолданылатын ең қажетті заттар үлестірілді. Студенттер олармен бірге сергіту сәтін ұйымдастырып, қызықты ойындарды бірге ойнады. Оқушылардың қуанышында шек жоқ екені олардың көңіл-күйлерінен көрінді.