«Сырдария» университетін аккредиттациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз!

Университет ағымдағы жылдың 18-22 ші сәуірінде Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге қатысып, аккредиттеуден сәтті өтіп, білімділігі мен біліктілігін толық паш етті.
Сырттан келген эксперттік комиссия мүшелері университеттің басшылығынан бастап профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар студенттер, магистранттар, түлектер мен жұмыс берушілерді де назардан тыс қалдырмады.

Нарық заманында бәсекеге қабілетті, жаңашыл мамандарды әзірлеу бағытында қолға алынған іс-шаралар алдағы кезде де уақыт талабына сай жүзеге асырылатыны айдан анық.
Мырзашөл өңіріндегі жеке-дара жоғары оқу орнының аккредитациядан сәтті өтуі «Сырдария» университетінің мерейі мен мәртебесін, өміршеңдігін одан әрі биік, баянды етері сөзсіз.
Университет басшылығы атынан осы жұмысқа ат салысқан профессор-оқытушылар құрамына және қызметкерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Аккредитациядан сәтті өтулеріңіз құтты болсын!

«Сырдария» университетінің баспасөз хатшысы Г.Е. Алтынбекова

Оқиға категориялары