Жас ақындар мүшәйрасында жүлделі

Құттықтаймыз!

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған Жас ақындар мүшәйрасында жүлделі орынға ие болған Файзиев Нұржан Сапарханұлын құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» және «Мәңгілік ел – мұратым» тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасында үздік деп танылған «Мәңгілік ел – мұратымыз, айналып бір шындыққа» өлеңі «Жастар жырлайды» өлеңдер жинағына енгізілді.

Іс-тәжірибе жетекшісі, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Нұржан Сапарханұлын шығармашылық жеңісімен құттықтаймыз! Қалам ұшындағы қарымыңыз еселене берсін!