Кеңес мүшелері тағайындалды

Syrdariya University әрқашан өз білім алушылары үшін үздік тәжірибелерді лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жаңа дағдыларының қалыптасуында маңызды роль ойнайды. Солардың бірі Студенттік Кеңес.

Студенттік кеңес жұмысының мақсаты:
Студенттердің қызығушылықтары, оқу-тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын студенттердің өкілі.

Студенттік кеңестің міндеті:
1)Жастардың құқықтары мен мүдделерін қоғау
2)Студенттік ұжымды біріктіру, және қарым-қатынаста нормалау үшін қажетті жағдайлар жасау
3) Мәдени бұқаралық, іс-шараларды ұйымдастыру.

«Сырдария» университетінде студенттер аралық сайлау жүргізіліп, нәтижесінде студенттік кеңес мүшелірі анықталды.
1) Студенттік президент - Уразова Мадина
2) Вице-президент - Талипбекова Мейрамкул
3) Студенттік декан - Қалдыбек Жаңыл
4) Әлеуметтік және қоғамдық бағытының офицері - Рысбек Разия
5) Білім жөніндегі офицер - Акбаева Манзура
6) Қыздар офицері - Бекдиллаева Камшат
7) Ұлдар офицері - Жақсылық Сапарбек
 

Оқиға категориялары