ТЕАТР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. 
Мәдениеттің өзекті бөлігі- өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер- қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. 
Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағлымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі. Театр – нағыз өнердің ордасы.
6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау, 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасы студенттері Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында № 53 театр маусымының ашылуына қатысты. «Ұрылар» атты қойылымды тамашалады. 
Мақсатымыз жастарды патриоттық сезімге, мәдени өмірге, жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын етіп тәрбиелеу.
Театр аркылы жастардың рухани әлемін дамыту, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға баулу және театр өнеріне қызығушылығын арттыру, насихаттау.
 

Оқиға категориялары