Кітап - тарих пен шежіре

23 сәуір - дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне арналған көрме

Қымбатты ұстаздар, профессор- оқытушылар, 23-сәуір бүкілдүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап – тарих, шежіре» атты онлайн көрмемізді назарларыңызға ұсынамыз! 
23 сәуір 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген, күллі ғаламның кітап сүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке, міне сол мерекеге байланысты кітапхана ұжымының атынан, кітап көрмені ұсынсақ. 
     Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Білсең ғасыр – білімділер ғасыры, 
Деп айтқанды ақиық ақындары 
Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.
Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.
Кең, қазынаң кітап қой нәр беретін,
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық, дәл КІТАПҚА тең келетін дей отыра,

- алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныса отырыңыздар.
Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері (Низамеддин Мір Әлішер) Әлишер Навои  “КІТАП- АҚЫЛЫНА АҚЫ СҰРАМАЙТЫН ЕҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА”-дегендей, Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» - деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап!
Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға, насихаттауға, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа пір тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында мына ақын жазушылар еңбектерін назарларыңызға ұсынамыз.
-ҚР “Ұлттық академиясының” академигі , “Сырдария” университеті құрылтайшысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың еңбектері. 
-Мырзашөл аймағын ұзақ жылдар абыроймен басқарған аймаққа аты мәлім қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Мақтаралдың құрметті азаматы, Сырдария университетінің құрметті профессоры Бегім Серікұлы Серіков.
-Ақтаңгер ақын, сазгер Мұхтар Құраловтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін сезіндіру, әрбір шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері дәлел.
Қадірлі ғылымға қызығушы оқырман! «Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге»-дей тұра, “СЫРДАРИЯ” УНИВЕРСИТЕТІ  ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ жарық көрген шығармашылық еңбектерін, Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасын түсіндіру өте маңызы зор іс. Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы.
Қорытынды

Кітап жайлы данышпандар аз айтып, аз жазбаған.
     Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды. Ө.Тұрманжановтың айтуынша: «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі». Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсалғанда ғана мүддесіне жетеді. 
Кітап –ортақ мүсін, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы». 
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

Бейнекөрме: https://youtu.be/7Ff6B9cLvgI

Теги: