Клубта жұмыс істей отырып, тәжірибе жинаймыз

Zhetysai.kz
Аудандық қоғамдық-саяси газет

Жақында ғана «Сырдария» унивөрситөтінің «Фемида» студенттік ғылыми клубының кезекті отырысы өтті. Клубты ұйымдастыруға өзіміз себепші болдық.
Осы отырыста, 2021 жылғы 19 наурызда, біз төрт актіден тұратын халықаралық заңгерлөрдің театрлық қойылымын көрдік. Әр топ өз сахналарымен өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығын білу күңделікті өмірімізде біз үшін қаншалықты маңызды екенін байқамаймыз, өйткені бәріміз жеке құқықтарымызды білмеу бізді қиын жағдайға душар өтетінін, тіпті бізді оңай алдануға алып келетін жағдайларға тап болып жатамыз.
Біздің зейінді студенттер не істейді? Олар күнделікті мысалдарда адамдардың өзін қалай ұстау керектігін көрсетті. Өмірде біз кем дегенде бір рет қонақ үйде түнеуге тура келетін кездер кездесіп жатады. Сіз қонақ үйге кіргеңде немесе залда «Әкімшілік қонактардың мүліктерінің жоғалуына жауап бермейді» деген хабарландыруды байқадыңыз ба? Бұл қарапайым мысалдардың бірі Заңдарды білмегендіктен, біз мұны шындыққа баладық, ал бұл мәлімет шын мәнінде заңнаманы білмейтіндерге арналған. Келесі мысал: қымбат бутикте мен ұнатып қалған костюмді алып, әбден босап калған әмиянымызбен үйге келгенде, басқа үйдің басқаша жарығында ол бізге мүлдем сәйкес келмейтінін түсінеміз. Осы бутикке оралғанда, біз тағы да маңызды көрініспен «Заттар қайтаруға және айырбастауға жатпайды» деген жазуы бар белгімен кезігеміз, содан үйге мұңды көрініспен ораламыз. Міне, біздің студенттер бұл дүкендердің ешқандай негізі жоқ екенін көрсетті және біздің азаматтық заңдарымызға сәйкес, біз сатып алушылар ретінде он төрт күндік мерзім ішінде затты қайтаруға немесе айырбастауға құқығымыз бар. Сондай-ақ, екінші курс өкілдері бізге екі тараптың сатып: алушы мен сатушының, кейіннен затты қайтарып ала отырып, кепілдік қалдырған көздегі жауапкершіліктері мен міндеттерінің үлгісін көрсетті. Бұл жағдай өте кең таралған болып саналады, әрқайсымыз қандай да бір затты сатып алғанда белгілі бір уакьгг аралығында кепілдік қалдырдық жөне біз кепілдік қаддырған затты сатып алуға қайтып келгенде, бізге зат сатылып кеткенін жеткізді. Ең жақсы жағдайда, бізге кепілдің мөлшері қайтарылды, ал нашар жағдайда олар бізді бірінші рет көріп отырғандыктарын айтты.
Сонымен, біздің тәжірибелі және құрметті окытушылардың Төребаева А.С. және Ихласова М.Ж. көмепмен, жиналғандар, бізге кепілпұлдың екі есепенген мөлшерін қайтару керектігін білді, бірақ сонымен бірге, біз әрқашан қалдырған кепілдіктің мөлшері туралы көрсетілген кез-келген құжат түрін талап етуіміз керек.
Өткен кездесуіміздің қорытындысын шығара отырып. «Фемида» клубының көмепмен біздің заңды құқықтарымызды білу өте маңызды екендігіне және күнделікті өмірдегі сәтсіздіктерден арылуға және болашақта азаматтардың мүдделері мен заңды құқықтарын қорғауға көмектесетініне тағы бір рет көз жеткіздік. Тағы да бір айта кететін жөйіт: клубтың аяқ алысынан байкағанымыз - келешекте клубтың мүшелері қарапайым халыққа заңи кеңес қызметін (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық т.б. істер бойынша) көрсете алатын дәрежеге жетеді деген үмітіміз мол!


Б.А.ЖАНДАРБЕК, «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.
А.А.РАЙХАН, «Кұқық және экономика» кафедрасының оқытушысы, ғ.м.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары