Студенттер үшін грантты өтеу талаптары жеңілдетілді
- 1 view
Мемлекетіміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп, жас буынның жан-жақты дамуына жағдай жасауда.
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Осы мақсатта мемлекетіміз дарынды, талапшыл жастардың тегін білім алуы үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын жылдан жылға ұлғайтып қолдау білдіруде.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік ұйымдарда жұмыспен өтеу міндеті жүктелген.
Бұл норма 2017-2018 академиялық жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студентке қатысты қолданылады. «Егер студент жоғары оқу орнына грант бойынша 2017 жылы түсіп, 2020-2021 академиялық жылы оқуын аяқтаса, ол грантты бұрын қабылданған заңға сәйкес өтейді.
2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді. Енді жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлектер грантты білім алған саласы бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелердеде өтей алады.
Сонымен қатар, жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мәселен, студент жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, кейінірек жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе керісінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлімге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады.
Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған азаматтар грантты тек мемлекеттік ұйымдарда және 3 жыл көлемінде жұмыспен өтеуге міндетті болатын. Енді 2021 жылдан бастап икемді тәсіл қолданылады. Яғни, осы жылдан бастап түлектер меншік нысанына қарамастан кезкелген ұйымда және мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыған жыл көлеміне сәйкес грантты жұмыспен өтей алады, Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеу қажет. Заңға енгізілген жаңа норма түрлі ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге септігін тигізеді әрі түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет