"Европа халықтары" ашық сабақ

Ғылым магистрі, аға оқытушы Турумбетова Гүлжан Абубәкірқызы "Европа халықтары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды әлемдік негізгі ірі Европа халықтарының атауымен үш топқа бөлді. Топтың аттары: «Германия», «Италия», «Франция».     Сабақтың өтілу жоспарымен топтар мен студенттер таныстырылды.
Әр топ басшылары топ мүшелерімен өз топтарының атауы яғни Герман халықтарының шығу тегі, Италия халықтарының шығу тегі, Франция халықтарының шығу тарихымен мәдениетінің, діни наным сенімдерінің ерекшеліктері сондай ақ қасиетті кітаптары мен діни мерекелерінің маңыздылықтары және наным-сенімдері мен дін басыларының қызметтерінің айырмашылықтарын жан-жақты зерделеп жеткізе білді. Топ студенттері сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып әр топ өздеріне діни тақырыптарда қызықты болған сұрақтарын қойып дұрыс жауаптарын алып отырды. Сонымен қатар әлемнің саяси картасынан әр діннің қай материктерде қаншалықты және қандай мемлекеттер қай дінді қабылдағаны және қанша пайыз көрсеткіштерімен атап көрсете білді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі т.ғ.к. проф. С.Н.Апашева, Шеримбаева Ж.Д. Таубаев С. Дүйсенбке С.Ж. Әләйдар Ф. Момынқұл Н.М. қатысты. «Европа халықтары» туралы толық ақпаратпен қамтылды. Оқытушы өз сабағында жұптық, топтық жұмыстар жүргізді. Студенттерді топқа бөліп, тапсырмалар орындады. 
Оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, дүниежүзінің саяси картасы, презентация жасалды. 
Сабаққа студенттер белсенді қатысты. Студенттердің қызығушылығын оятып, түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана білді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!
 

Оқиға категориялары