«БІР СҰРАҚҚА – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ
- 1 view
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ «БІР СҰРАҚҚА – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Ұлттық кітап күні аясында Шымкент қаласында ерекше форматтағы «Бір сұраққа – бір кітап» атты мәдени-ағартушылық акция өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы «КІТАП – AMANAT» жобасы аясында ұйымдастырды.
Ербол Байқонысов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
«Кітап – рухани азық. Біз жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу арқылы жан-жақты дамуына жағдай жасауымыз керек. Мұндай акциялар – тек танымдық шара емес, бұл – қоғамды білім мен мәдениетке үндейтін маңызды қадам.»
Аталған акцияға Жұмабек Тәшенев атындағы университетіміздің студенттері белсене қатысып, әдебиет әлемінен қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, кітаптармен марапатталды. Бұл шара жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастама болды.
Іс-шара барысында сөз алған партия өкілдері мен мәдениет қызметкерлері кітаптың рухани құндылық ретіндегі маңыздылығына тоқталып, осындай жобалардың жастар тәрбиесінде, білім мен таным кеңістігін кеңейтуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.