«Цифрлық ұрпақ» атты байқаудағы жеңіс

Мирас университеті ұйымдастырған «Цифрлық ұрпақ» атты байқауға қатысып, үздіктер қатарынан көрінген "IT және шетел тілдері" факультеті "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-24-9к1 тобының студенті Серікбай Даниярды III орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – Даниярдың табандылығы мен шығармашылық қабілетінің айқын дәлелі. Алда әлі талай биік белестер күтіп тұрғанына сенеміз!
Жарайсың, Данияр!
 

Оқиға категориялары