24- қазан- Кітапханашылар күні
- 1 view
Кітапхана- біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен заман өрнектері тарихты да, әдебиетті де басқа да ғылым кереметтері осы кітап қорынан табуға болады.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24- қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілген болатын. Осы атаулы кәсіби мереке қарасаңында М.Әуезов атындағы ОҚУ қоғамдағы кітапхана мәртебесін көтеру және кітапханашы мамандығының құзіретін арттыру мақсатында мамандығым мақтанышым айдарымен «Дара тұлғалар дауысы» атты іс-шара ұйымдастырған болатын. Аталмыш іс-шараның басты қонақтары болып «Кітапхана ісі» мамандығының ардагер, ғалым оқытушылары М.К.Кукеева мен С.Т.Мусаева апайларымыз шақырылды. Бұл іс-шараға университетіміздің «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен білім алушылары да қатысып қайтты. Өңіріміздегі білім ошақтарының Сондай-ақ «Қара шаңырағы» іспетті университеттегі Ақпараттық білім беру орталығының жұмыс мазмұны мен құрылымы, жұмыс жүйелерімен таныстырылым жасалынды.
Осы бір қарапайым ғана мамандық туралы салмақты, мәнді ой- пікірлер ортаға салынып, көкейде жүрген, осы мамандықтың болашағы жөніндегі алаңдататын мәселелер талқыға түсті. Ардагер оқытушыларымыздың кәсіби өмір жолындағы тәжірбие шеберліктері мен осы мамандықтың оң- солы, арқаға артқан салмағы туралы тартымды әңгімелерін назарға ұсынды. Білім алушыларымыз әсерлі іс-шарадан рухани күш-жігер алып тарқасты.
Оқу орнымыздың «Кітапхана ісі» ББ мамандығының оқытушыларымен университет кітапхана қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап отбасыларына бақыт, қызметтеріне шығармашылық өрлеу, табыстар тілейміз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет