ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАРЫ

Университет жанындағы Біліктілікті арттыру институты мен Алишер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті жанындағы Педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру желілік орталығы арасында бірлескен оқу бағдарламасы алғашқы курс тыңдаушыларын қабылдады. 
Осы оқу бағдарламасы аясында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің педагогикалық ғылымдары бойынша философия (PhD) докторы Наралиева Шахло Джамаловна «Өзбек тілі мен әдебиеті» бағытындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына сабақ беріп, тәжірибе алмасты.