Ғылыми және шығармашыл зиялыларының ХVII форумы

Уфада ТМД елдеріне мүше мемлекеттердің ғылыми және шығармашыл зиялыларының ХVII форумы өтуде.
Форумға Қазақстандық жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушы профессорлар делегациясы қатысуда. 
Делегацияда Ташенев унив-нің Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы қатысу мәртебесін алды.
Ғылыми-шығармашылық кездесудің негізгі тақырыбы-мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі талқыланып, цифрлық трансформация дәуіріндегі ғылым мен білімге арналған арнайы көрме ұсынылды.
Форумның ашылу салтанатында Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров пен Қазақстан тарапынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов сөз сөйлеп, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Тәуелсіз Достастық мемлекеттерінің мәдени дамуына қосқан үлесі үшін арнайы марапатпен марапатталды.