Кәсіби бағдар жұмысы

ОҚЫТУШЫЛАР Г. А. ТҰМАНОВА МЕН Д. Р. ХАШИМХАНОВАНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

          Бүгін 8.01 2024 жылы "Өнер және Саз" кафедрасының оқытушылары Туманова Гульзада Аскаровна мен Хашимханова Диана Равильевна "№ 122 Ақжар жалпы білім беретін орта мектебіне"кәсіби бағдар беру мақсатында барды.
            Мектеп басшылығы директоры Усенова Халипа Абдуайтқызы, тәрбие жөніндегі меңгеруші Прдалиев Азамат және Бегманова Шолпан, оқу жөніндегі меңгеруші Едресова Райхан, кәсіптік практика бойынша меңгеруші Орынбаева Маржан жылы лебізімен және жауапкершілікпен қарсы алып, аталған мектептің бітіруші сыныптарымен (55 оқ. 11 А, б.) кездесу ұйымдастырды.
Қарапайым және жайбарақат жағдайда оқушылармен әңгімелесті. Біріншіден, әрине, олар кім болғысы келетінін және қайда оқуға түскісі келетінің сұрады. Әрқайсысы өз жоспарлары мен армандары туралы айтты. Оқытушылар өз кезегінде Ж. А. Ташенев университет туралы айтып берді.  Және осы университетте бар  шығармашылық мамандықтарға, атап айтқанда "Музыка мұғалімдерін даярлау" , "Эстрадалық вокал", "Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау" және "Дизайн"мамандықтарына толығырақ тоқталды. Сондай-ақ, ҰБТ биыл Ж. А. Ташенев университет базасында да өтетіні туралы бөлісті.  Бұл университетте оқуға мемлекеттік гранттар бөлінетіні сөзсіз. 
Оқуда сәттілік және ҰБТ-ны сәтті тапсыру тіледі.
 

Оқиға категориялары