УРГЕНЧ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Өзбекстан Республикасы Хорезм облысындағы Ургенч мемлекеттік университетінде өткен екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға университетіміздің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Шахло Наралиева қатысып қайтты. 
Конференция барысында Ургенч мемлекеттік универсиеті мен Tashenev University арасында ынтымақтастық меморандуымына қол қойылды. 
Академиялық ұтқырлық, қос дипломды жоба аясында жүргізіліп жатқан екі тарап арасындағы ынтымақтастық меморандумы оқытушы профессорлар қауымы мен студенттерді жақындата түседі. 
Меморандум студенттерді жоғары білікті маман етіп даярлауға, екі тарапта оқу әдістемелік құралдарын бірігіп жасауға, ғылыми және әдістемелік тәжірбие алмасуға, ғылыми монографияларды бірігіп әзірлеуге, конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып тұруға бағытталған. 
Тараптар бірлескен академиялық бағдарламалар құруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында тәжірибе алмасу бойынша әріптестік орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.
 

Оқиға категориялары