ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР МАДАҚТАЛҒАН КҮН!

Әлемдік руханияттың жарық жұлдыздары Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл және Захириддин Мұхаммед Бабыр Мырзаның туғанына 540 жыл толуына арналған «Ұлы ойшылдар» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинарға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Қытай және Әзірбайжан мемлекеттерінің зиялы қауым өкілдерімен бірге Университетіміздің Ғалым хатшысы Ләззат Абенова мен Халықаралық қатынастар және шетел студенттерімен жұмыс атқару департаментінің директоры Шахло Наралиева қатысты. 
Әлишер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми семинар өте жоғары деңгейде болды. Шахло Жамалқызы құттықтау сөз сөйлесе, Ләззат Османқызы «Ұлы екі ойшыл» тақырыбында баяндама жасады. Шахло Жамалқызы бетпе-бет және қашықтықтан ұйымдастырылған семинарда түрік тілдес қатысушылардың барлығы да өз ана тілінде баяндама оқып, тыңдаушылары өзара бір-бірлерін аудармасыз түсініп, бір-біріне қолдау көрсетіп отырды, қызықты сұрақ-жауап, бай мағлұмат алдық деп атап өтті. Тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті бір-біріне ұқсас түркі халықтарын үндестікте біріктіріп отырған қос ұлы тұлға Әлишер Науаи мен Бабыр Мырзаның идеялық-философиялық еңбектері, олардың тілдік ерекшеліктері мен әлеуметтік мәні ғылыми негіздерге сүйене отырып сараланды.
 

Оқиға категориялары