Жағымды жаңалық!
- 1 view
Tashenev University әлемдегі ең танымал Иерусалимдегі Еврей университетімен білім беру бағдарламалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге кірісті.
Осынау ынтымақтастық шеңберінде студенттерімізге Иерусалимге жол ашылды. Мұнда бакалавриат үшін қосдипломдық бағдарлама енгізу, Израильдің жоғары білікті кадрларының қазақстандық студенттерге дәріс оқуын ұйымдастыру, студенттерімізді Израильде магистратурада оқыту, сондай-ақ Tashenev University оқытушыларының және Оңтүстік өңіріндегі түрлі кәсіпорында жұмыс істейтін өндіріс мамандарының Израильде біліктілігін арттыруына мүмкіндік ұсыну көзделген.
Бұл бастама ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайбергеннің және «Израиль – Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михэль Роэнің ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесуінде жан-жақты талқыланып, министр тарапынан қолдау тапты.
«Кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанды тұрақты дамыту мақсатына қол жеткізу үшін білім беру сапасының әлемдік стандарттарын енгізу және отандық қызметкерлердің біліктілігін заманауи әдістерге сай арттыру аса маңызды екенін айтылды. Осы орайда министр мырза «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі 500 ғалым жобасы аясында біздің университет мамандарын Иерусалимдегі Еврей университетіне ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберуді ұсынды. Саясат Нұрбек мырзаға түсіністік танытып, қолдау білдіргені үшін шын жүректен алғыс айтамын!», -деді кездесуге қатысқан Университет Президенті Серік Оңалбайұлы.
Екі ел арасындағы бұл өзара іс-қимыл білім саласын дамытуға септігін тигізеді және қазақстандық білім беруді халықаралық аренада ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер мен серпін береді.
Ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын дамыту мемлекет экономикасы үшін стратегиялық маңызды бағыт екені белгілі. Қазір әлемде басқару технологиялары, сондай-ақ осы салаларды жаңғырту одан да маңызды аспектке ие болды. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы», - деді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біздің университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Израильдің ҚР-дағы Елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманның кездесуіне бастамашы болды, сондай-ақ бұл кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан және «Израиль – Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ қатысты.
Кездесуде біз Иерусалимдегі Еврей университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларының басым бағыттарын талқыладық, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы; азық-түлік; су ресурстары және экология.
«Ауыл шаруашылығы» бағытын дамыту шеңберінде Процестерді зерттеу орталығын салу жоспарланып отыр. Мұнда академиялық зертханалар және Израиль факультетіндегі балама жүйемен үйлесетін зерттеулер мен әзірлемелердің академиялық емес зертханасы орналасады. Маңызды артықшылығы сол – бұл орталық жергілікті шаруаларға да қолжетімді болады.
Бұдан өзге, Ауыл шаруашылығы экономикасын зерттеу институтын құру, өңірлік және жаһандық үрдістерді болжау жоспарлануда.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет