Дөңгелек үстел

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты дөңгелек үстел 

     
Дөңгелек үстел ұстаз,ғалым Ляззат Усманқызы Абенованың мерейтойына арналды.
 «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі»,-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ үшін ұстаздан артық тұлға жоқ екені бәсенеден белгілі. Ляззат Усманқызы Абенова ұстаздықпен қатар ғылым жолына түсіп, бойындағы бар дарынын шәкіртке үйрету жолында азаматтық парызын өтеп жүрген жан. Ол еліміздің аса ірі оқу орындарының бірі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті-қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 10.01.02-қазақ әдебиеті мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
 Қазіргі таңда Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Ғалым хатшысы, «Тілдер және әдебиет» кафедрасының қауымдастырылған профессор лауазымында абыройлы қызмет етіп келеді. Көптеген ғылыми мақалалар мен әдебиеттану саласында өзіндік қолтаңбасы бар еңбектердің авторы. Әсіресе шәкірттік мектебі қалыптасқан көптеген студенттерді өз ісінің маманы етіп шығаруда еңбегі еленіп, білімі мен білігі бағаланып,2021жылы ҚР ЖОО үздік оқытушысы атанды.2023 жылы А.Байтұрсынов атындағы күміс медальдің иегері атанды. Марапатпен қатар ұстаз үшін өмірдің барлық жақсылығынан биік тұратын да осы шәкірттерінің ел қалаулы азаматтардың қатарынан көрінгендігімен өлшенетіні рас. 
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет Ләззат Усманқызы Абенованың мерейтойына орай «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты дөңгелек үстел өткізді.
 ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев мерейтой иесін марапаттап, құрмет көрсетуі де адамгершілік пен өнегеліктің үлгісі іспетті. Ғылыми бағыттағы дөңгелек үстелді Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы жүргізді.
Дөңгелек үстел қонақтары  ф.ғ.к .,доцент Сұлушаш Бекмырза ізгі тілегін, ақын Маржан Есжанова арнау жазып, баяндамашы ф.ғ.к.,доцент Қарлығаш Сапарбаева Ләззат Усманқызының ғылымдағы ізденісіне тоқталды. 
«Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Амангелді Мамыт,ф.ғ.к. аға оқытушы Абдіжәлил Аккөзов, ф.ғ.к., доцент Зылиха Жантасова мерейтой иесіне ізгі тілектерін арнады. 
Шәкірт тілегі, әріптес лебізі айтылған мерейлі кештің тағылымы мен өнегесі -университет ұжымының бірлігі мен ынтымағының көрінісіндей ұлғатты.