ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.
Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу, бұқаралық спортқа тарту туралы айтылған.

Осы мақсатта 2017 жылғы 21 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында спорттың 5 түрінен спартакиада болып өтті.

Облысымыздың 14 ауданынан келген жүзден жүйрік спортшылармен бірге «Сырдария» университетінің кіші футбол мен волейбол командалары қатысып, ауданымыздың намысын қорғап қайтты. Деседе спорттық жарыс тартысты, әділ өтті. Командамыздың намысын арқалаған «Сырдария» құрамасының мүшелері де аянып қалмады. Аталған жарыста волейбол ойынынан жүлделі ІІ орынды, кіші футболдан жүлделі ІІ орын және 100 000 теңгелей сертификатпен марапатталып қайтты.

Осындай спорттық жарыстар спортшыларды шыңдайтыны белгілі.
Сондықтан алдымызда бұдан да зор жетістіктерге жететіндеріне сеніміміз мол.

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы Қылышев Ерлан Ахметұлы