«Өз бизнесім 2025» VIII халықаралық стартап-жобалар байқауындағы жетістік
- 1 view
"АКТ" кафедрасының студенті «Өз ісі 2025» VIII Халықаралық стартап-жобалары байқауынан 3 орын иеленді.
Халықаралық болып табылатын Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде Шымкент қаласының жетекші кәсіпкерлері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қолдауымен «Өз ісі 2025» VIII Халықаралық стартап-жобалары байқауына «Арамшөптерді жоюға арналған робот» жобасын ұсынған Байзақ Санжар Оразғалиұлы және Серікбай Данияр Алиханұлы жүлделі III-орынға ие болып Дипломмен марапатталды.
Жетекшілері: Тумашбаев Сабит Русланович, Сматұлла Тоғжан Бауыржанқызы, Садуақас Арыстан Найманбайұлы.
Байқаудың мақсаты: жастар арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.
Қазылар алқасының құрамы: бизнес-қоғамдастық өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-бірлестіктердің өкілдері.
Байқау нәтижелері бойынша «Мирас» университетінен 3 орынға – 50 000 теңге сыйлық берілді.