Өмірдастан жыр кітабы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай атты әдеби кеш болып өтті.
Тақырыбы: «Өмірдастан жыр кітабы»
Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасалынып, өлеңдері оқылды. «Сырдария» университетінің  студенттері ақынның өлеңдерінен оқырмандарға жыр шашуларын ұсынды.
 

Ұйымдастырушылар: 
Кітапхана директоры Малдыбекова Ф.С.
Кітапханашы Батырханова С.Б.
Кітапхана ұжымы
Қатысушылар: «Сырдария» университеті студенттері, Орталық кітапхана, №9 филиал меңгерушісі
 Іс-шара жоспары:
1. Ақиық ақын М.Мақатаевтың өміржолы-презентация
2. Кітап көрме
3. Университет студенттерінің ақын шығармашылығынан үзінді өлең-жырлары
4. Орталық кітапхана, №9 филиал меңгерушісі Тунгышбаева А. - ән шашу 

Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,
Сахнада ақын жайлы слайд. «Жыр әлемінің дүлділі» әні (баяу ойналып тұрады)

1. Жүргізуші - Қалдыбек Жаңыл (2-курс, Қт-19 тобы студенті), әдеби сазды іс-шараны бастау үшін сөз алды, Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық, ғажайып ақындардың бірі М. Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап, қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең-жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін 10-11 жасынан бастап жаза бастаған. Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен орын алған, қуанышы мен мұңын бөлісетін айнымас жансерігіне алналды. Ақынның артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығына шолу жасау (презентация).
 
2. Бар байлық, бар білім кітапта. Осындай байлықты жинақтап оқырманға ұсынып отырған иесі – кітапханашы. Кітап көрмеде, мұқағалитану мәселелері бойынша ізденіп жүрген ғалымдар мен қаламдас әріптестерінің естеліктері мен еңбектері, ақынның әр түрлі тақырыптағы жырлары мен тырнақалды өлеңдері топтастырылған шығармалары қойылды.
 
    3. Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Университет студенттерінің ақын шығармашылығынан үзінді өлең-жырлары;
- Өлең «Кетер ме екем...»- Сафина Алия, Тар-10
- Өлең «Шеше сен бақыттысың» -Есіркепова Аружан, Тар-10
- Өлең-эпилог «Мен таулықпын»-Ноғайбек Елдос, Қт-10
- Өлең «Қуанайын», «Көрдің бе сен» - Асқар Жанна, Қт-10
- Өлең «Сен әлі тірімедің Қазақстан»- Оралбай Арайлым, Қт-10
- Өлең «Бірінші өлең Май гүліме» Тазабек Зейнеп,
-Ән шашу, «Мен деп ойла»- Оспан Ұлжан. 

4. Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Бүгінгі таңда кітапханамыз осы құнды кітаптарды сақтап қана қоймай, оны насихаттап, көпшілікке қолжетімді болуы үшін жұмыстар атқаруда. Университетімізбен бірлестікте қаншама жылдар бойы жұмыс істесіп келе жатқан, Орталық кітапхананың №9 филиал кітапхана меңгерушісі Алимаш Тунгышбаевадан қазақтың бомбырасынмен шырқалған әндерінен-«Сәби болғым келеді», «Күрең күз».

 Әдеби-сазды іс-шараны қорытындылай келе жүргізуші Қалдыбек Жаңыл, кітапхана директоры Малдыбекова Фатима Спакуловнаға сөз берді,- өлең-жыр мен биге толы әдеби-сазды кеш М.Мақатаевтың туған күніне, 90 жылдығына арналып кітапхана ұжымы мен студент жастардың қатысуымен ұйымдастырылды. Бүгінгі өткізілген іс-шара жалпы ұлағатты ұлы жазушының кемеңгер ойы мен сыр шертіп, өлен жолдарымен адам жан дүниесін ойға, махаббат пен өмірге деген құштарлыққа жетелей білді деген ойдамыз. Жас ұрпақты білім мен өнерге баулыған осындай ақын жазушыларымыздың ойын ұға біліп, аға ұрпақтың ізін жалғастыратын міне біздің жастарымыз-дей отыра, студент жастарға жылы лебізі мен алғысын айтып, келген қонақтар мен іс-шараға қатысушыларға құрметін білдіріп өтті. 

ШЕШІМ: Кітапхана қызметкелері мен студент жастардан құралған әдеби-сазды іс-шара өткізілді. Онда, іс-шара негізінде құрылған жоспарға сай бөлімдер толығымен қамтылды.

Кітапхана директоры Малдыбекова Ф.С.    
Хатшы Батырханова С.Б.    

 

Теги: