«Теңге және заманауи цифрлық экономика»

2024 жылдың 13 мен 15 қараша аралығында «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-қараша Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге және заманауи цифрлық экономика» салтанатты іс-шарасы Торекулова 1, «Jusan bank» өкілдерімен өткізілді. Іс- шараға кафедраның ПОҚ және 1-2 курс студенттері қатысты.
Іс-шарамызды Ж.А. Тәшенев атындағы «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы Бакиров Ержан Амангельдыұлы және оқу ордамыздың бітіруші  түлектерді жұмыспен қамтамассыз етуші жұмыс берушілер «Jusan bank» АҚ Аймақтық директоры - Калимбетов Бахытжан Мұхтаұлы және персоналдың бас менеджері - Расул Сымбат Мусағалиқызы ашып берді.
Осыған орай «Цифрлық валюта» атты тақырыбында ғылыми семинар өткіздік, студенттер баяндамаларын ұсынды.
Келесіде мамандықтар бойынша «Ең үздік қабырға газеті” конкурсында студенттер газеталарын қорғады.
Іс-шараның жабу салтанаты қатысқан студенттерді, ғылыми жетекшілерді және жұмыс берушілерді  дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен  марапатталуымен аяқталды.
 

Оқиға категориялары