Халықаралық жастар туризмі құрылтай

Университет жастары Халықаралық жастар туризмі құрылтайына қатысты. 
Құрылтай Өзбекстан Республикасы Шахрисабз қаласында 8-13 тамыз күндері дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылды. 
Халықаралық конференцияға Азия елдерінің 1000-нан астам талантты студент жастары шақырылған. 
Қазақстан делегациясына оқу ордамыздың Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Ш.Д.Наралиева және Жастар саясаты бөлімінің басшысы М.Исмаилова жетекшілік етті.