14 ақпан - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ!

Мерекенің шығу тарихы - америкалық балаларға арналған кітап веб-сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмурдың есімімен байланысты. Бір күні Эмми Бродмурдың ұлы анасынан: «Неге адамдар арасында кітап сыйлау күні белгіленбеген?» деп сұрайды. Осылайша ол баласының сұрағына жауап тауып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алады. Мұны Эмми әлеуметтік желіде танымал блогерлердің көмегімен жасайды. 2012 жылдың 14 ақпанында алғаш рет кітап сыйлау акциясы өткен болатын.
2012 жылдан бері үздіксіз аталып келе жатқан Халықаралық кітап беру күнін жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінің, соның ішінде Қазақстан тұрғындары да қатысатынын білеміз. Бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі.
Кітап сыйлау – өркениетті елдің белгісі. Жақыныңызға кітап сыйлау, ол – қоғамның рухани жетілуі мен деңгейінің көтерілуіне қосқан үлесіңіз болып саналалы. Жақсы ісіңіздің өзіңізге қайта оралатынын естен шығармаңыз.
Барлық кітап сүйер қауымды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!