Қонақпен кездесу

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Кондубаева Мариям Рамазанқызымен кездесу өтті

2024 жылдың 3 сәуірінде Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі ПОҚ мен студенттердің Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі (Мәскеу қ.), педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Кондубаева Мариям Рамазанқызымен "Тәшеневтің ұрпағы", "Педагогикалық зерттеулердегі синергетикалық әдіснама" тақырыптарында кездесуін ұйымдастырды.
Биыл Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан және елімізді сақтау жолында тынымсыз еңбек еткен тарихи тұлға Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 109 жыл толды. Кездесуде Мариям Рамазанқызы Кондубаева мемлекет қайраткерінің қиын өмірлік және кәсіби жолы туралы құнды ойларды айтып өтті.
Мариям Рамазанқызы өз сөзінде, Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің батылдығымен, терең ойлауымен, көрегендігімен және ел мүддесін қорғау жолындағы мақсатты ұмтылысымен танымал, санаулы патриоттардың бірі болғандығы жөнінде жәнеаты аңызға айналған мемлекет қайраткері         Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің есімі, даңқты қазақ батырлары мен халық қаһармандарының тарихи есімдері қатарында халықтың ризашылығымен әрдайым еске алынатындығына жете тоқталды.
Сондай-ақ, кездесуде педагогика ғылымдарында жалпы ғылыми синергетикалық әдіснаманы қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Мариям Рамазанқызы педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңі оның басқа ғылымдармен белсенді қарым-қатынасымен сипатталатынын атап өтті. 
Кездесу соңында сұрақтар қойылды.