"Дене шынықтыру" кафедрасы
- 1 view
Іңкәрбеков Данияр Базарханұлы
Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, магистр, аға оқытушы
✆ Телефон: + 7702-502-44-52
✉ E-mail: k-dt-sport@tashenev.edu.kz
Білімі: Жоғары
«Сырдария» университеті, 5В010800 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы
Ғылыми немесе академиялық дәрежесі, лауазымы:
Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
«Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы
Оқытылатын пәндер:
Волейболды оқыту әдістемесі, Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі
Кәсіби жетістіктер:
- Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының көп жылғы жемісті еңбегі және білім және ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін грамотасы (2023)
- Түркістан облысының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысынан диплом (2018)
Жарияланымдар:
20-дан артық ғылыми мақалалар, 1 оқу құралы, 1 электронды оқулық, 2 әдістемелік нұсқаулықтар авторы.
- Кафедра оқытушылары
-
Кафедрада қызмет көрсететін сапалы профессор-оқытушылар құрамы, олардың базалық білімі біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
1. Алтынбекова Багила Сакибековна
2. Ахметов Мадияр Куанышбекович
3. Касымбеков Болысбек Бердибекович
4. Козбаев Ерлан Усербаевич
5. Іңкәрбеков Данияр Базарханұлы
6. Маханбетова Аяулым Қожантайқызы
7. Молдабеков Ерлан Онласынович
8. Мильдоходжаева Гульсун Сейдалиевна
9. Мырзабек Лесбек Әліпұлы
10. Муталиев Бекарыс Турдикулович
11. Сапарбеков Нурмухан Сапакович
12.Талдыбек Сұңқар Еркебұланұлы
13. Туребеков Биржан Анарбекович
14. Юсупов Алымжан Равшанович
15. Нұржан Нұрбақыт Нұржанұлы
16. Шекербек Сәкен Құрманғазыұлы - Жалпы мәліметтер
-
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 1998 жылы құрылған және «Сырдария» университетінің алғашқы кафедраларының бірі болып табылады. Мұнда дене шынықтыру және спорт мамандары дайындалады. Біздің түлектер-әртүрлі жеке және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін кәсіби оқытушылар, жаттықтырушылар және әртүрлі спорт түрлері бойынша нұсқаушылар.
Біз студенттердің зерттеу жұмысына үлкен мән береміз. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы арнайы дайындалған «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі», «Спартакиада», «Олимпиадалық білім» кабинеттерімен және спорт кешендерімен жабдықталған. Кафедра жанынан «Кәсіпқой –спортшы» арнайы студенттік клуб жұмыс істейді.
Спорттық жетістіктерді арттыру үшін кафедрада бірнеше спорттық үйірмелер жұмыс істейді: Үстел теннисі, Еркін күрес, Баскетбол, Волейбол, Футбол, Қазақ күресі, Гандбол, «Ташенев» құрама командасы түрлі ауқымдағы жарыстарға қатысады.
Біздің студенттер Қазақстандық, халықаралық және университеттік зерттеу конференцияларына белсенді қатысады. Профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігінің арқасында кафедра студенттері теориялық және практикалық білімнің жоғары деңгейіне ие болады және бүгінгі өзгермелі әлеуметтік-экономикалық ортада сауатты шешімдер қабылдауға қабілетті.
2022-2023 оқу жылынан бастап 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері Шымкент қаласы Ж.А. Тәшенев атындағы университетте оқуын жалғастыруда. 2024 жылы Ғылыми кеңестің №1 отырысының шешімімен «Спорт және дене шынықтыру» факультетінде «Дене шынықтыру» кафедрасы құрылды. Кафедра "6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар даярлайды және барлық факультет студентеріне дене шынықтыру сабағын жүргізеді.
- Оқу-әдістемелік жұмыс
-
Білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша электрондық контенттер мен тестілеу базасы әзірленді, олар үнемі жаңартылып отырады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылардың тұрақты қамтамасыз ету үшін оқытушылар веб-сайттың ресурстарын белсенді пайдаланады: студенттер үшін жеке кабинетте пәндер бойынша тапсырмалар, оларды тапсыру кестелері, пәнді игеруге ықпал ететін қосымша материалдар, емтихандарға дайындық сұрақтары пәндер бойынша тест тапсырмалары, соқыр бағалау технологиясы бойынша кейстер орналастырылады.
Біліктілікті арттырудың әртүрлі нысандары мен әдістері қолданылады: курстар, семинарлар, конференциялар, тренингтер және т.б. Онда оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру, білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу мәселелері қаралады.
Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық тануды қамтамасыз ету, білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ұтқырлығы үшін жағдайлар жасау, білім беру сапасын арттыру мақсатында кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және профессор-оқытушылар құрамымен ашық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу кестелері дайындалды. - Халықаралық байланыс
-
Халықаралық байланыстар бойынша кафедра бірнеше шет елдермен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Атап айтсақ:
И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы);
Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті (Өзбекстан, Шыршык қаласы);
Тәжікстан Республикасының педагогикалық институты (Пенджикент қаласы);
Достаевский атындағы университет (Ресей федерациясы, Омбы қаласы).
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу