Сырдария сағасындағы сұлу мекен

Egemen Kazakhstan, 7бет

? PDF нұсқа

Мақала

Қойнауы тұнған тарих қазақ даласыньщ тау мен тасы, өзен- көлі, сылдырап аққан бұлағы өткен күндер шсжіресінің куәғерлері. Оларға тіл бітсе, қазақ елінің басынан кешкендерін, көргендерін айтуға уақыт жетпес пе еді?!

Айгүл ҚАПБАРОВА,
Сенат депутаты

Демалыс кезінде елге барған сапарымда етегі Нүрата тауларына дейін созылып жатқан Мырзашөл тарихына қатысты көптеген аңызға бергісіз деректі эңгімелерді қазыналы қарттардан естіп, көкейге түйіп қайтқанмын. Осы жылы ақпан айының соңында ел газеті «Егемен Қазақстаннан» Гүлбаршын Айтжанбайқызының «Үтіртөбе қаласы археологиялық картаға енгізілсе...» деген мақаласын оқып, жаздагы іс сапардьщ әдемі әсері еске оралды. Түсінікті болуы үшін, тарқатыңқырап айтайын.
Оңтүстіктегі жер жаннаты саналатын Жетісайда орналасқан 23 жылдық тарихы бар мемлекеттік емес жоғары оқу орны - «Сырдария» университетінің ғалымдары мен студенттерінің ғылыми жетістігі болып саналатын археологиялық қазба жүмыстары барысында табылған көне ескерткіштерден құралған музей ішіндегі экспонаттар адамды еріксіз ерте дәуірлерге сапар шеккізеді. Университеттің басты рухани байлығы болып табылатын, ұлттық құндылықтарды тарихи мазмұнда жинақтаған бұл музейдің 2016 жылы Түркістан облысының туристік маршрутына енгені - ұжым үшін үлкен мәртебе. Еткен еңбек пен төгілген тердің жемісі. Осы музейге Жетісай қаласынан 30 шадырым солтүстік-шығыста орналасқан орта- ғасырлық Үтырлы (Үтіртөбе) қаласынан табылған қүнды дүниелердің мұражайға келуінің өзі бір тарих.
«Сырдария» университетінің тарихшы ғалымдары мен студенттеріне дейін Үтырлы (Үтіртөбе) қаласын Қазақстан археологтері зерттемегенге үқсайды. Оның басты себебі - біз сөз етіп отырған Мырзашөл өңірі, оның үлкен бір бөлігі саналатын Мақтаарал ауданы 1963-1971 жылдары Өзбекстан Республикасына тиесілі болған. Осы себептен болса керек, аталған тарихи мекен 1960 жылдары жүргізілген Шардара археологиялык экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалыпты. Тарихи зерттеу еңбектеріне сүйенсек, бұл ортағасырлық қала бүрын «Қазақ Совет энциклопедиясынан» бастап басқа да іргелі басылымдарға кірмеген.
Үтіртөбені алғаш зерттегендер қатарында Өзбекстан археологтары аталады. 2004 жылы «Сырдария» университетінің С.Н.Апашева, М.Б.Мейірбеков бастаған «Тарих» кафедрасының профессор-оқытушылары елімізде алғаш болып Үтырлы (Үтіртөбс) қаласына археологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Осы жылы университеттің қаржыландыруымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, белгілі археолог М.Қасенов жетекшілік еткен «Сырдария» археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізе бастайды. Одан кейін де 2009, 2010, 2014, 2015, 2016 жылдары «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, т.ғ.д., профессор М.Елеуов бастаған топпен бірлесе Сырдария университетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінен құралған «Мырзашөл» археологиялық экспедициясы ортағасырлық Үтырлы (Үтірлі) қаласына археологияльщ зерттеу жұмыстарын асқан қызығушылықпен жүргізеді. Универсигетке алғаш жолымыз түскен 2018 жылы сол зерттеу жүмыстары кезінде табылған көне дүниелерден құралған мұражай экспонаттары бізді қызықтырды. Г.Айтжанбайқызының бас басылымдағы мақаласы аймақтағы жекеменшік жоғары оқу орны - «Сырдария» университетінің қаржыландыруымен бүгінге дейін жүргізіп келе жатқан теңіздің тамшысындай болса да отандық археология ғылымына қосып отырған өлшеусіз еңбегін еске түсірді. Үтырлы (Үтіртөбе) қаласына жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде кала құрылыстары, ондағы бөлмелер ашыльш, баға жетпес тарихи жәдігерлер табылған.
Қаланың ежелгі аты жазба деректерде кездеспейді. Бір қызығы, Сырдария өзенінің бойында осы Үтіртөбеге үксас ортағасырлық 40 қаланың орны бар деген дерек бар екен. Үтіртөбе сол қырық қаланың бірі екен. Жергілікті халық Үтырлы қаласының атауын Үтірлі немесе Үтірлітөбе, Үтіртөбе деп те атайды. Үтірлі атануы «Үтырлы» деген сөзден шьиуы мүмкін деген болжам бар. Үтырлы қазад тілінде ұтымды, ұтқыр, қолайлы деген мағынаны білдіреді. Бұл қаланың тіршілікке жайлы, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерге орналасуынан шьнуы да мүмкін. Ал Үтірлітөбе, Үтіртөбе атануына келсек, қазіргі кезде қаланың пішіні «үтір белгісіне» үқсас болғандықтан, жергілікті халық осылай атаған дейді. Қаланың сыртқы көлемін су шайып кеткен. Сондықтан оның бұрынғы пішіні белгісіз. Жергілікті түрғындардың айтуынша, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған Шардара су қоймасы суының көтерілуінен қаланы су баса бастаған. Қазіргі кезде қала үстін қамыс пен жыңғыл басып кеткен. Ғалымдар қаланын мәдени кабатын 1-2 метрге дейін су шайып, көлемі жылдан-жылға кішіреюде, егер осылай жалғаса берсе, 10-15 жылдан кейін қала тегіс жойылуы мүмкін екенін айтады. Демек, қала апаттық жағдайда. Қаланың қазіргі қалпын сақтау үшін мемлекет тарапынан қолдау керек-ақ. Тиісті мекемелерден жауан күтеміз.
«Тілегені алдынан іздемей-ақ табылған» дамыған XXI ғасырда ақпараттарды интернет көмегімен кез келген уақытта қалаған жеріңізде отырып-ақ біле бересіз. Біз де астанада отырып, осы мақалада сөз болган мәселелерді толығырақ білмек ниетпен ғаламторға үңілдік. Алдымен шыққаны «Сырдария» университетінің сайты болды. Мұнда біз сөз етіп отырған тақырыпқа қатысты мәліметтер толық орналастырылған екен. Тек бұл ғана емес, университет миссиясы, тарихы, бағыт-бағдары, мақсаты, жеткен жетістіктері мен табыстары, барлығы мазмүнды баяндалыпты. Бәрін де көзбен коpiп, санамызға тоқыған соң ба, сайттағы мәліметтер көз алдымызда картина болып өте берді. Жаңа заманға сай жабдықталған жаңа оқу ғимараттары мен студенттер үйі, мол кітапхана қоры, спорт залдары мен асханалары, түрлі үйірме мен зертхана, тігін, ағаш, темір шеберханалары, «Алматыда Нүрғиса, Жетісайда Бөрі Иса» аталған атакты музыкант, күйші Б.Иса құрған ұлт-аспаптар оркестрі - барлығы да студенттің терең білім алуы үшін жасалған. Университеттің материалдық-техникалық базасы, ғылыми әлеуеті, кітап қоры, ақпараттық-техникалық құралдары мен электронды кітапхана қоры бойынша үлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарынан кем түспейді. Университет үжымының тыңғылықты жұмысы көрініп-ақ түр. Өкінішке қарай, аталған университетке қатысты сыни пікірлер де ұшырасады. Жасыратыны жоқ, елімізде жекеменшік жоғары оқу орындарына деген көзқарас екі түрлі: бірі жақтаса, екіншісі сынға негізделген. Өркениетгі елдерде бэсекелестікке ие жоғары оку орындарының көбін жекеменшік білім ордаларының құрайтынын ескерсек, оқуорындарын бағалауда оның сапалы білім берудегі мүмкіндіктері мен студенттерге жасап отырған жағдайын ескеру қажет.
Президент Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында еліміздегі университеттер санын қысқарту керектігін атап өткені және сол кездің өзінде білім саласының сарапшылары арасында университеттерді қысқарту жұмысы алдымен жекеменшік ЖОО-лардан басталатыны туралы болжам айтылған еді. Болжам шындыққа айналды. Сала министрлігі сапасыз жоғары оқу орындарын тексеруді бастап, осы уақытқа дейін бірнеше жоғары оқу орындарының лицензиясын тоқтатса, бірнешеуін жауып та үлгерді. Кейбірі қайта ашылды. Себебі Президент атап өткендей, кейбір жоғары оқу орындарының жартысы ғана өз түлектерін жүмыспен қамту жағынан 60 пайыздық көрсеткішке қол жеткізген. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үлттық коғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында бүгінгі жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғанын айтқан. Мұның барлығын толығымен қуаттап, қолдаймыз.
Президенттің осы алғашқы Жолдауын еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында да алғаш болып талқылап, кең көлемде халықаралық ғылыми-практикальщ конференция өткізіп, Үндеу жолдаған да, Мемлекет басшысына хат жазған да осы «Сырдария» университеті болатын. Egemen Qazaqstan газетіне жарияланған сол Үңдеуде: «Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған бұл құжат - тәуелсіз Қазақ елінің кемелді келешекке деген көркем сенімі. Қасиетті Жиделібайсында, Мырзашөлдің төрінде, алтын алқапты мақтаның отаны Мақтааралда, жартығасырлық мерейтойын тойлағалы отырған Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университеті заманауи сұранысқа ие, бәсекелестікке қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу ордасы - күнгейлік жастардың білім күмбезі. Ал жастар - қоғамның қозғаушы күші, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері сіздерді Жолдауды қолдауға және белгіленген міндеттер мен іс-шараларды бірлесе атқаруға шақырады! Ұлы даланың жаңғыру мен жаңару жолындағы жаңа белестерді бірге бағындырайық!» делінген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған хат мәтінінде білім-ғылым іздеген Жетісай, Мактаарал аудандарының жастары мен Өзбекстандағы қандас бауырларды жаңа өмірге жетелеуде «Сырдария» университетінің ұжымы Президенттің саясатын басшылыққа алатынын атаи көрсеткен. Тарихы өткен ғасырдың соңынан, нақты айтар болсақ 1998 жылы 27 шілдеден басталатын «Сырдария» университеті - бұрынғы да, қазіргі де облыс орталығынан алыста орналасқанына қарамастан, Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан шалғайдағы Мырзашөл өңірін өркениетті, мәдениетгі аймаққа айналдырып отырған іргелі оқу ордасы.
Бүгінге баға беру үшін өткенге көз жүгірткен артық болмас. Осыдан 150 жыл бұрын қазақтың жарық жүлдызы Шоқан Уәлихановтан қалған «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген нақыл сөздің ақиқатына қазіргі танда көзіміз жетіп отыр. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында еліміздегі жоғары білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алғаны белгілі. Оны, әрине, тәуелсіздік алуымызбен байланыстырамыз. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1998 жылы 27 шілдеде мемлекеттік емес «Сырдария» университетін құруды ұйғарады. Әрине, шешім қабылдау да, мақсатқа жету де оңайға соқпағаны анық. Түрлі кедергілер мен қиындықтарды әріптестермен еңсере білген ұжым бүгінге дейін білім саласында озық қызмет атқарып келеді. Сол өліара шақтағы білімге құштар жастардың жанарындағы үміттен бүршік жарған сенім бүгінде саялы бәйтерекке айналды. Университет ұжымы білім үясын аптапта ыстықтан, аязда суықтан қорғап, осы күнге жеткізді. Арман ақиқатқа айналды. Бүгінде «Сырдария» университеті - жоғары білікті мамандарды даярлайтын, өндіріске енгізілетін іргелі және экологиялық зертханалық зертгеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелік, инновациялық орталық.
Университет Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен институционалды және мамандандырылған аккредитгеуден сәтті өтіп, аккредиттеу туралы куәліктеріне ие болған. Өткен жылы барлық білім беру бағдарламалары Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазакстандық агенттігінен халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті еткен. Университеты құрылғаннан бергі 23 жылда 15 мыңнан астам студент бітірген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бітіруші түлектердің 58%-ы бүгінде еліміздің білім беру мекемелерінде табысты қызмет етуде, соның ішінде 27 түлек мектеп директоры болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта жергілікті мектептерде сабақ беріп жүрген мүғалімдердің 70%-ы осы «Сырдария» университетін бітірген түлектер. Ел кәсіпорындарының 2019 жылғы қорытьшдысы бойынша «Жоғары білім» санатында жалпы мемлекеттік екі аталым бойьшша («Мемлекеттік қазынаға қосқан үлесі», «Сенімді салық төлеуші») «Сырдария» университеті «Үлттық-бизнес» рейтингте «Күміс рейтингке» енген. Сондай-ақ Салық төлеушілерді жалпы мемлекеттік саралаудың қорытындысы бойынша «Сырдария» университеті «Сала көшбасшысы-2019» марапатының иегері атанған.
«Сырдария» университеті материалдық-техникалық база, кітап қоры, ақпараттық-техникалық құралдар, электронды кітапхана қоры бойынша Қазадстан ЖОО-ның үздік ондығына кіреді. Университеттің материалдық техникалық базасын қалыптастыруға бүгінге дейін 7 млрд 776 млн 727 мың 600 теңге жұмсалған. Мұндай материалдық-техникалық база кей өңірлердегі мемлекеттік жоғары оқу орындарында да кездесе бермейді. «Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында» органикалық химия және зоология, адам анатомиясы мен физиологиясы, бейорганикалық және аналитикалық химия, физика зертханалары орналастырылған. Дәрісханалар заманауи жабдықтармен қамтылган. Сайрам ауданы Қүтарыс елді мекенінде 47 гектар жер телімді «Сырдария» университетінің «Іс-тәжірибелік және ғылыми-инновациялық ізденістер» орталығында болашақ биологтер мен географтар, химиктер, суретшілер мен қолөнер иелері, спортшылар, дала оқу-зерттеу практикасын және дала жиындарын өткізеді. Бүгінде «Сырдария» университетінің серіктесі «Сбербанк» (Ресей) қаржылай демеушілігімен 1 гектар жер теліміне 7 қабатты заманауи Бас оқу ғимаратын салу жұмысы басталды. Жоба қүны 760 млн.теңге, сыйымдылығы 1500 орын деп жоспарланған. Сонымен бірге «Барыс» спорт кешенінің де кұрылысы карқынды жүргізілуде. Жоба құны 404 млн. теңге тұратын бұл ғимаратта бір уақытта 160 адам жаттыға алады. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бұл құрылыс жүмысы жақында аяқталып, қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Университет қазіргі танда 26 бакалавриат және 6 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауда. Білім алушылар саны да кей жекеменнгік жоғары оқу орындарындағыдай көп емес: бакалаврда - 3 666, магистратурада - 201, барлығы - 3 867. Орталықтан шалғайда орналасқандығына қарамастан университетте қызмет атқаратын профессор-оқытушылардың әлеуеті жылдан-жылға жоғарылауда. Ғылыми әлеует 51 пайызды құрайды. Университет Үндістан (Дели), Грекия (Афина) және Кэмбридж университетімен жаратылыстану, ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды білім беру жүйесін жүзеге асыруда.
Оқу ордасыңда білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге де аса мән берілетіні ғимараттар қабырғасына ілінген студенттер мен оқытушылардың қолөнер бұйымдарынан, картиналардан айқын көрінеді. Студенттері де ибалы, тәрбиелі. Өнерге кұштар жастардан құралған «Сырдария құрамасы» жайдарман тобы 2017 жылдың қорытындысы бойынша республикалық Жоғары Лига ойындарының чемпионы атанған. Облыстағы жалғыз жекеменшік жоғары оқу орнында бүкіл елімізге белгілі аса көрнекті тұлғалар, атап айтқанда, қазақтан шыққан тұнғыш ғарышкер, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, аса көрнекті түркітанушы ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары Мырзатай Жолдасбеков, Рахманқүл Бердібай, Мәдениет қайраткері, актер Сәбит Оразбаев, филология ғылымдарының докторы Сауыгбек Абдрахманов, көрнекті жазушы Мархабат Байгүт, т.б. университетке келіп, студенттермен жүздескен.
Сыр бойында орналасқан Жетісай, Мақтаарал, Келес, Шардара аудандарында 525 мың халық турады, 231 мектепге 140 мьщбала оқиды. Шекаралас жатқан Өзбекстан Республикасьшьщ Сырдария, Жизақ, Гүлістан, Ташкент облыстарында қандас бауырларымыз баршылық. Өзбекстанның берген ресми мәліметтеріне сенсек, Өзбекстанда 1,5 млн қазақ өмір сүреді. 370 қазақ мектебінде оқитын 54 мың 926 оқушы бар. Осы қазақ мектептеріндегі ең басты мәселе- кадр тапшылығы. Сондықтан да болар, «Сырдария» университета студенттерінің 36%-ы Өзбекстанда тұратын қандастарымыздың ұл-қыздары. Яғни университет аталған аудандар мен Өзбекстанда тұрып жақтан қандастарды қосқанда 2 млн 210 мың адамға қызмет етуде.
Байырғы Қазақ елінің, ежелден Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени өмір кезеңінің куәсі болган Сырдария өзенін жағалай орналасқан Жиделібайсын жері- тарихи мекен. Сырдария - көне ірек тіліндегі аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты коне парсы тіліңдегі өзен суыньщ түсінен пайда болган «Үлкен маржан» деген сөз тіркесінен бастау алады екен. Ал ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтагы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» аталған деген дерек бар. Қарап отырсаңыз, қазіргі географиялық бөлініс бойынша Сырдария өзені бастауын Орталық Тянь-Шань сілемдерінен алып, Қырғызстан Республикасының Нарын, Жалал-Абад және Ош облыстарын, Тәжікстан Республикасының Соғды облысын, Өзбекстан Республикасының Әндіжан, Наманган, Фергана, Ташкент, Жизакжәне Сырдария облыстарын, ал еліміздің аумағында Түркістан мен Қызылорда облыстарын басып өтіп, Арал теңізіне қүяды. Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады екен. Мақтааралдың төрінен ашылған түңғыш жоғары оқу орнының осы өзендей білім-ғылымның дариясына, маржанына айналып отырғанына бүгінде ел куә.
Бабаларымыздың ізі қалған қасиетті де шежірелі Жиделібайсынның төрінен түңғыш ашылған жоғары оқу орнының тарихы - тәуелсіздігімізбен тамырлас. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында жұмақтағы төрт өзеннің бір атауы «Сейхун», бүгінде Сырдария аталатын өзенмен атгас университетің білім айдынындағы бағытына айқындылық, максатына нақтылық, істеріне сәттілік тілейміз!

Теги:

Add new comment

Restricted HTML

  • Allowed HTML tags: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Lines and paragraphs break automatically.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары