ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
- 29 views
Университетімізде бітіруші курс студенттері дипломдық жұмыстарын сәтті қорғауда. Бұл — олардың бірнеше жылдық білімінің, тәжірибесінің және зерттеу еңбегінің қорытынды кезеңі.
Аттестациялық комиссиясы құрамы әділ, ашық және кәсіби мамандардан жасақталған. Комиссияға жетекші оқытушылар, өндіріс және жұмыс беруші ұйым өкілдері енген. Қорғау барысы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес әділ және бейтарап түрде жүргізілуде.
Қорғаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудиториялар бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл – академиялық адалдық пен сенімділікке бағытталған маңызды қадам.
Ғылыми кеңестің шешімімен, дипломдық жұмыс жазу құқығы GPA баллы 3,33 және одан жоғары көрсеткішке ие барлық студенттерге берілген. Бұл талап – студенттердің жоғары академиялық үлгерімін ынталандыруға бағытталған.
Бүгін академиялық мәселелер жөніндегі проректор Парида Байнеева жауапты құрылым басшыларымен бірге қорғау барысын бақылап, студенттер мен Аттестациялық комиссиясы мүшелеріне сәттілік тіледі.
Парида Байнеева:
«Дипломдық жұмысты қорғау — бұл білім мен кәсіби дайындықтың биік көрсеткіші. Біздің мақсатымыз – әрбір студенттің еңбегінің әділ бағалануына жағдай жасау. Университет академиялық адалдық, ашықтық және сапа қағидаттарын басты орынға қояды».
Сонымен қатар, академиялық мәселелер жөніндегі проректор «Таза сессия» акциясы комиссиясының мүшесі ретінде барлық курс студенттерінің емтихан тапсыру процесімен танысты. Мониторинг нәтижесі бойынша, емтихан тапсыру процесін жақсарту мақсатында жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Біз барша түлектерімізге және студенттерімізге сәтті қорғау тілейміз!