«Рационал өрнектерді түрлендіру, модуль таңбалары» ашық сабақ
- 8 views
Ғылым магистрі, оқытушысы Мамадәлі Жанерке Тоқмағанбетқызы «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен «Рационал өрнектерді түрлендіру, модуль таңбалары» атты ашық практикалық сабағын өткізді.
Ашық сабақта алға қойылған білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттер орындалды. Себебі, бұл міндеттер топтың, жеке студенттердің ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс пайдаланылды. Аталған міндеттерді шешеуде сабақтың бұл түрі өмірден алған мысалдармен берілген ақпараттарымен тиімді болды.
Сабақ кезеңдері арасында байланыс болды және уақыт өте тиімді пайдаланылды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліпте үлгерді. Практикалық сабақ барысында жоспарланған есептер шығарылып, студенттердің қызығушылығын арттырды.
Оқытушы кәсіби деңгейінің жоғары екені, білімнің тереңділігі есептерді кеңінен ашып шығарғаны да байқалды. Практикалық сабақта кері байланыс орын алып отырды. Жалпы оқытушы практикалық сабақты өз деңгейінде, ЖОО талаптарына сай жақсы деңгейде өткізді.Сабаққа студенттер белсене қатысты. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!
«Математика және информатика» кафедрасы