Кафедра "Педагогика и психология" приглашает учиться!

Кафедра "Педагогика и психология" келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

  Бакалавриат бағдарламалары:

1. 6В01101-"Педагогика және психология"

2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"

3. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"

   Магистратура бағдарламалары:

1. 7М01101 – «Педагогика және психология»

2. 7М01301– «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Кафедра еліміздегі білім беру жүйесіндегі іргелі реформаларға, ұлттық және әлемдік білім беру жүйесіне сай жұмыс атқаруда.

Қәзіргі таңда білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби білімін  көтеруге байланысты шығармашылық  іс-әрекетке бейімдеу мақсатында кафедра жанында педагогикалық-психологиялық бағытта «Таным»,    «Ізденіс» атты ғылыми-танымдық үйірмелер жұмыс жасауда. Онда мектеп психологының психологиялық қызмет бағыттары, қазіргі мектеп психологының  жеке тұлға тәрбиесіндегі  негізгі  ролі  жөнінде тәжірибе  алмасу  жұмыстары жүзеге асырылуда. 

Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай-ақ педагогика мамандарын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарға және көрмелерге, Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы ұйымдастырған «Қысқы психологиялық мектепке», «Интенсивке» белсенді қатысып келеді.

Халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедраның өзге жоғары оқу оры ретінде қатынас байланысы құрылған. Атап айтар болсақ: ОҚМПУ, Омск гуманитарлық академиясы, С.Айни атындағы Тәжік мемлекеттік педагогикалық институты, Қырғызстанның Махмуд Қашқари-Барскани атындағы Шығыс университеті. Жоғары оқу орындарымен ғылыми және шығармашылық байланыс орнату мақсатында жетекші мамандармен өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асыру ісі жолға қойылған.

Ссылки на страницы социальных сетей:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/349461606449821/

https://www.instagram.com/p/CDbDvBfhgvR/?igshid=1moggsgmjl0oi

https://youtu.be/ZOoHjf8RNJo