КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ

ФАКУЛЬТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ: ЖЕҢІС, ЕРІК-ЖІГЕР ЖӘНЕ БІРЛІК!
Ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек еткен мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 110 жылдық мерейтойы мен 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында Дене шынықтыру және спорт факультетінің ұйымдастыруымен кіші футболдан факультетаралық турнир өтті.
Бұл дода – тек спорттық жарыс қана емес, жауапкершілік пен жігердің, командалық рухтың көрінісі. Елдің болашағы – дені сау, рухы мықты жастардың қолында. Осындай іс-шаралар ұрпақ сабақтастығын, патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді нығайтуға бағытталған.
Жеңімпаздар:
1-орын – ФК-24-1к1 (Спорт және дене шынықтыру)
2-орын – ФК-22-1к1 (Спорт және дене шынықтыру)
3-орын – ИЭЭФ-24-5-1 (Экономика және құқық кафедрасы)
Ерекше номинациялар:
Үздік ойыншы – Мырзахан Асылхан
Үздік қақпашы – Маликов Арман
Спорт – тек бәсеке емес, ерік-жігер мен табандылықтың мектебі. Бұл жарыс жастардың мықты рухын шыңдап, жеңіске деген құлшынысын арттыра түсті. Ұлт болашағы – дені сау, бірлігі бекем жастардың қолында! 
 

Оқиға категориялары