«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ-2025» ТУРНИРІНДЕГІ ЖЕҢІС
- 4 views
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ «АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ-2025» ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
«Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай өткен «Ауыл ойындары-2025» республикалық турнирінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің студенттері жоғары нәтиже көрсетті. Тараз, Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларынан келген 12 команда арасынан 24-1к4 тобының студенттері Жақсыкелді Бөкейхан Бахтиярұлы мен Толыбек Әділет Сугралыұлы «Ләңгі тебу» сайысында 1-орынға ие болды.
Жақсыкелді Бөкейхан, жеңімпаз студент:
«Бұл жарыс біз үшін үлкен тәжірибе болды. Ұлттық спортқа деген қызығушылығымызды арттырып қана қоймай, өз мүмкіндіктерімізді шыңдауға мүмкіндік берді. Жеңісіміз – тек біздің ғана емес, университетіміздің де жетістігі!»
Университет атынан жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың жетекшісі Қозбаев Ерлан Өсербайұлына алғысымызды білдіреміз!