Педагогикалық практика
- 13 views
Шымкент қаласы білім басқармасының А.Байтұрсынов атындағы 50 мектеп-гимназиясында “Математика және информатика” кафедрасы 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының ЕП-22-13к тобы білім алушылары 27.01.2025-21.02.2025ж. аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика жетекшісі магистр, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна бекітілді. 3 курс ЕП-22-13 к тобының білім алушысы Нематов Зикрилланың 10 Д сыныбындағы “Startup түсінігі”тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтілді. Мектептегі информатика пәні мұғалімі Ахайдарова Жансая Бахытжанқызы студентке мұғалім қызметі мен сабақ өту әдіс-тәсілдерін жан-жақты түсіндіре білді.Университеттен бекітілген жетекшілер білім алушылардың ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарына қатысып, өз ойлары мен пікірлерін айтты.