Халықаралық конференция

06.02.2025 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ ұйымдастырған «Әлішер Науаи және ХХІ ғасыр» атты 10-халықаралық конференциясына «Саз және ән» кафедрасының профессор оқытушылар  құрамы мен студенттері қатысып қайтты. Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер өзара тәжірибе алмасты. Конференцияға Қазақстан мен Өзбекстанның ғалымдары, түркітанушыларымен қатар, Үндістан, Түркия, Иран, Әзербайжан, Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан, Венгрия және басқа да елдердің зерттеушілері қатысты. Конференцияда Әлішер Науаидың әдеби мұрасы, оның әлемдік мәдениеттегі орны, қазіргі білім беру жүйесінде Науаи шығармашылығын оқыту мәселелері қарастырылды.Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

Оқиға категориялары