ХАБАРЛАНДЫРУ
- 302 views
Білім алушылар назарына!
Университетімізде келесі 4 санатқа жататын оқу үлгерімі жоғары студенттердің оқу төлемақысына жеңілдіктер беріледі:
- тұл (толық) жетім білім алушылар;
- ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар білім алушылар;
- спорт шеберлігіне үміткер білім алушылар (куәлік ұсынылады);
- Анасы “Алтын” және “Күміс” алқа иегері танылған білім алушылар.
Қажетті құжаттар:
- университет ректорының атына өтініш (өз қолымен не заңды қамқоршысының қолымен жазылуы тиіс;
- жеке куәлік көшірмесі;
- оқитындығын растайтын анықтама (түпнұсқа);
- транскрипт;
- әлеуметтік санатқа жататындығын растайтын құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі;
Ескерту: Өтінішке факультет деканының қолы қойылуы керек.
Өтінімдер қараша айының 20 жұлдызына дейін қабылданып, қараша айының Ғылыми кеңесінде шешім қабылданады.