«Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» ашық лекция
- 39 views
2023 жылдың 20 қараша күні «Экономика»экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Абдурахманова Абдурахманова Зулпаруза Әмірбекқызы «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен, «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» тақырыбында ашық лекция сабағын өтті.
Сабақ барысында келесі комиссия мүшелері қатытсты: Оралова Зауреш Мекенбайқызы – оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, «Экономика және құқық» кафедрасының профессорлық- оқытушылар құрамы Оразова Бибигуль Балтабаевна – кафедра меңгерушісі э.ғ.к., аға оқытушы, Темирова Жанат Жанбуловна - Уйсынбаева Клара Мулдагалиевна – з. ғ. м., аға оқытушы, Сатыбалдиева Маржан Тимуровна - заң ғылымдарының магистрі.
Лекция алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдары қолдану негізінде жүзеге асырылды. Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыра білді. Стратегиялық құжаттар, ішкі нормативтік құжаттар, сыртқы нормативтік құжаттар, ұйымдастыру құжаттары, өкім беруші және ақпараттық құжаттары, Өнім құжаттары, жазбалар (есеп беру құжаттары) қолданды. Ашық сабақ жоғарғы деңгейде өтті.