Мемлекеттік қызмет мектебіне барып қайтты
- 36 views
Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында облысымызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтің келуіне байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың шақыруымен "Сырдария" университетінің тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры М. Нұрбек, Жетісай көпсалалы колледжінің директоры Н.Файзиев және мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне барып қайтты. Онда білім саласындағы ұйымдардың басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қайыржан Ахметбекұлы мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне дәріс оқыды. Алқалы жиында студенттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоспарлармен танысып, өскелең ұрпақты бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет екенін және жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру керектігін сезінді. Түрлі тұщымды мысалдармен өрбіген жиынның берері мол болды. Жиын біткеннен соң қатысушылар "Саналы ұрпақ" кеңсесі мен "Адалдық алаңы" жұмыстарымен танысты.
Жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де еліміздің білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру. Олай болса, жемқорлықпен күрестің тиімділігі бүкіл қоғамның жұмылып, белсенді атсалысуына байланысты болмақ.