Ректордың студенттермен онлайн кездесуі өтті

«Сырдария» университетінде ректордың студенттермен қысқы емтиханды өткізу ережелері бойынша онлайн кездесуі өтті

Елде төтенше жағдайдың енгізілуі «Сырдария» университетінің жұмыс жоспарларына әсер еткен жоқ.

Ережеге сәйкес барлық жоспарланған іс-шаралар қашықтық форматта өтуде, вебинарлар, конференциялар мен байқаулар ұйымдастырылуда. 2020 жылдың 2-желтоқсанында университет ректоры т.ғ.к., доцент Серік Дәулетұлы Мамраимовтың студенттермен қысқы емтиханды өткізу туралы онлайн-кездесуі өтті.

Айта кету керек, мұндай кездесулер қазірдің өзінде дәстүрге айналған. Оған студенттер мен оқытушылар үлкен қызығушылықпен қатысады, өйткені бірінші басшының өзінен сіз барлық қажетті ақпаратты, сұрақтарыңызға сауатты жауапты ала аласыз.

Кездесу Zoom платформасы арқылы бейне байланыс түрінде және университеттің Instagram-дағы аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Оның негізгі мақсаты – қысқы емтихан сессиясын өткізу ережелерін түсіндіру.

Қатысушылар сұрақтар қойды. Міне, олардың бірнешеуі: емтихандар қандай формада тапсырылады?

Егер техникалық ақау орын алса не істеу керек? прокторинг қалай тексеріледі? және т.б.

Студенттердің осы және басқа сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.
Онлайн кездесу барысында университет ректоры С.Д.Мамраимов коронавирустық пандемияға байланысты магистранттар мен студенттердің басым көпшілігі қашықтықтан оқытуға көшті.

Сондықтан емтихандар қашықтықтан өтіледі, міндетті түрде прокторинг болу керек.

Университеттің қолда бар ресурстары, қашықтықтан білім беру порталдарының болуы, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті, сонымен қатар студенттердің қызығушылығы, белсенді позициясы мен ынтасы қашықтықтан оқытуға кең көлемде көшуге мүмкіндік берді.

Студентке бағытталған амал-тәсілдерге сәйкес университет студенттердің қолда бар техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, аттестаттаудың негізгі процедуралары мен алгоритмдерін ойластырып, әзірлегені атап өтілді. Қысқы сессия барысында аттестаттаудың негізгі үш формасы жүзеге асырылады: ағынды платформалар арқылы ауызша; шифрлау және «соқыр» тексеру әдісімен жазбаша; компьютерлік тестілеу.

Университет тарапынан студенттерді қолдау шаралары – сессия мерзімдерінің, емтихандарды өткізу уақытының, апелляцияны беру мерзімінің ұзартылуы.

Университет әкімшілігі қолға алған барлық шаралар студенттердің емтиханды сәтті тапсыруы үшін жағдай жасауға, бүкіл ел үшін, оның ішінде университет үшін де күрделі кезеңде психологиялық тыныштық пен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Қатысушылар университетте өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары, қабылданған сындарлы шешімдер, мазмұнды жауаптар үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
 

Ректорат
 

Оқиға категориялары