Офис регистратора приглашает учиться!
- 62 views
“Оқу процесін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастырудың ережелеріне” сәйкес, 2008 жылы білімгерлердің оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және оның білімін бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін «Сырдария» университетінің Тіркеу офисі құрылып, өз жұмысын бастады.
Осы уақыттан бастап білімгерлердің оқу жетістіктерін тіркеумен айналысу ісі үздіксіз жүргізіліп келеді.
Бөлімді информатика магистрі, Жанаева Айнұр басқарады.
Бөлімнің негізгі қызметтері:
- білім алушыларды тіркеу және қайта тіркеу процесін ұйымдастыру;
- білім алушылардың академиялық рейтингін есепке алуды жүзеге асыру;
- оқу пәндерінің жинақталған кредит/сағаттарын есептеуді жүзеге асыру;
- ағымдық, аралық және қорытынды аттестация өткізуді ұйымдастыру;
- транскрипт және дипломға қосымша беру, GPA есептеу;
- білім алушылардың электив пәндерге жазылуын ұйымдастыру және өткізу;
- жазғы семестрді ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және қатысу;
- университеттің миссиясы, саясаты мен стратегиясына сәйкес өз қызметін орындау;
- электрондық журналды толтыру жұмысын бақылау.
Бөлімнің жұмысы «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Бағдарлама арқылы оқу үрдісін автоматтандыруға, қашықтан оқытуды талапқа сай ұйымдастыруға қол жеткізілген.
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау Тіркеу офисінің оқу жылына жасалатын бақылау шараларының кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар.
"Platonus" бағдарламасына оқу орнымыздың оқу үдерісіне қатысты мәліметтері енгізілген.
Студенттер бағаларын өздерінің жеке кабинеті (логин, құпиясөз) арқылы біліп отырады, ата-аналарға да бүкіл мәліметті біліп отыруына жағдай жасалған.
Ссылки на страницы социальных сетей:
https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/360908728638442/
https://www.instagram.com/p/CD6JGlvhH1H/