«Футбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ
- 4 views
01.04.2025 жылы «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистрі, оқытушысы Т.Ж. Әжібеков «Футболды оқыту әдістемесі» пәні бойынша Фк-23-1к10, Фк-23-1к11, Фк-23-1к12 тобының білім алушыларына «Футбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Практикалық сабақ барысында білім алушылар тапсырмалар, жаттығулар, футбол ойынының техникасы мен тактикасы ұсынылды.
Футбол ойынының техникасын жетілдіру білім алушыларға физикалық, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан көптеген артықшылықтар береді. Бұл спорт түрі тек техникалық дағдыларды ғана емес, топпен жұмыс істеу, шешім қабылдау, көшбасшылық және эмоциялық тұрақтылық сияқты маңызды қасиеттерді де дамытады. Әрбір білім алушы футбол техникаларын үйрену арқылы тек спортта ғана емес, өмірде де маңызды дағдыларды меңгереді.