ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
- 5 views
ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТКІЗДІ
2025 жылғы 20 ақпанда Шымкент қаласындағы Өзбек драма театрының Үлкен залында Жұмабек Тәшенев атындағы университет пен Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы бірлесіп, ауқымды халықаралық шара – «Науаи оқулары – 2025» байқауын өткізді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен ұлт қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналды.
Науаи шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың рухани санасын арттыру және халықтар достығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан іріктелген оқушылар мен ЖОО студенттері, сондай-ақ Өзбекстаннан келген қатысушылар бақ сынады.
Биыл 10-рет ұйымдастырылған дәстүрлі додада 11 аудан/қаладан 23 оқушы және 7 студент өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар эссе жазып, көркем мәтінді мәнерлеп оқып, сахналық қойылымдар қойды. Байқаудың Бас жүлдесін Сауран ауданынан келген Мусаева Шахсанам жеңіп алды!
Жоғары оқу орындары арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдеге Жұмабек Тәшенев университетінің 1-курс студенті Халмуратова Махфуза ие болды. Сонымен қатар, Өзбекстаннан келген қатысушылар да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Бұл байқау – ұлы ақын Науаи мұрасын дәріптеуге, жастарды білімге, өнерге баулуға бағытталған маңызды алаң.